- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстанның конституциялық-құқықтық ғылымын дамыту: тарихы, проблемалары, перспективалары
Қазақстанның конституциялық-құқықтық ғылымын дамыту: тарихы, проблемалары, перспективалары
ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО
2024 жылғы 25 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы, конституциялық құқық кафедрасының негізін қалаушы және меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор К. ф. Котовтың 100 жылдығына (1955-1982 жж.), конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор В. А. Кимнің 100 жылдығына (1982-2001 жж.), ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының бірінші төрағасы (1993-1995 жж.) М. Т. Баймахановтың 90 жылдығына арналған «Қазақстанның конституциялық-құқықтық ғылымын дамыту: тарихы, проблемалары, перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференция әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығын мерекелеу аясында өткізіледі.
Конференцияның мақсаты - Қазақстанның теориялық-құқықтық және конституциялық-құқықтық ғылымының қалыптасу және даму тарихы, елдегі конституциялық құрылыстың даму перспективалары мәселелерін талқылау.
Конференцияда келесі мәселелерді қарау жоспарлануда:
- Қазақстандағы теориялық-құқықтық және конституциялық-құқықтық ғылымның қалыптасу және даму тарихы;
- Профессор К.Ф. Котовтың еңбектерінде мемлекеттік аппарат үшін кадрлар даярлау мәселелері;
- Профессор В. А. Кимнің еңбектеріндегі конституциялық-құқықтық заңнаманы дамытудың мәселелері мен перспективалары;
- ҚР ҰҒА академигі М. Т. Баймахановтың еңбектерінде құқықтық мемлекетті дамыту және нығайту мәселелері;
- 2022 жылғы конституциялық реформа және егемен Қазақстанның конституциялық-құқықтық заңнамасын, сайлау жүйесі мен сайлау құқығын, ҚР-дағы көппартиялылық негіздерін жетілдіру;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық-құқықтық тетігін жетілдіру.
Конференцияға Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьялары, Қазақстанның жетекші ғалымдары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері, азаматтық қоғам өкілдері, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, студенттер және БАҚ өкілдері қатысады.
Конференцияны ұйымдастырушы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы.
Сіздерді және сіздің қызметкерлеріңізді біздің конференцияға қатысуға шақырамыз.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Конференцияны өткізу форматы: аралас нысан (онлайн және офлайн).
ZOOM-да конференцияға қосылу сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/89009960993?pwd=awcr1hGJ9HmAKwCtvD0i0Z3kRvApt7.1
Өткізу уақыты: 25 сәуір 2024 ж. 11:00-14:00 сағ.
Конференция идентификаторы: 890 0996 0993
Кіру коды: 035040
Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 71, ҚазҰУ.әл-Фараби, Кітапхана, 409 ауд.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша келесі телефон арқылы хабарласуға болады:
8 (701) 701-555-64-66 (з.ғ.д., профессор Ибраева А.С.) е-mail: ibraeva_tgp@mail.ru.
8 (701) 415-18-14 (з.ғ.д., профессор Баймаханова Д), е-mail: dina_405@mail.ru.
8(727)377-33-35 (ішкі 1595, кафедра).