Смағулова Жұлдыз Сағидоллақызы - Қамқоршылар кеңесінің төрайымы, ҚМЭБИ университетінің Білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы.
Туған жері – Павлодар облысы. Туған куні 1970 жылғы 30 қаңтар. ҚМЭБИ Университетінің білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), әлеуметтік лингвистика бойынша Ph.D. докторы (King’s College London, Ұлыбритания). Ph.D. диссертацияның тақырыбы – «Language shift and revival in Kazakhstan: A multi-level analysis».
Әлеуметтік лингвистика, қолданбалы лингвистика және лингвистикалық антропологиямен айналысады. Ғылыми қызығушылық салалары: тілдік әлеуметтену, тілдік идеология, тілдік саясат және тілдік жоспарлау, тілдерді оқыту әдістемесі.
Еңбектері: «Language Change in Cenral Asia» монографиясы (бірлескен авторлық құрамда: Elise Ahn, Berlin, Germany: Mouton de Gruyter, 2016), «Языковая ситуация и языковое планирование в Казахстане» (Э.Д. Суйлеменовамен бірлескен авторлық құрамда, 2005); «Тіл білімі сөздігі », «Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі» (бірлескен авторлық құрамда), ҚР БҒМ ұсынған оқыту орыс тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептерге арналған «Қазақ тілі» оқулығы (ғалымдар З. Ерназарова және Г.Досмамбетовамен бірлескен авторлық құрамда).
30-дан астам ғылыми мақаласы Journal of Sociolinguistics, International Journal of Bilingual Education and Bilingualism, Journal of Multilingualism and Multicultural Development, Innovation: The European Journal of Social Science Research журналдарында басылып шыққан.