«Экономикалық зерттеулердегі жаһандану мәселелері және интеллектуалды технологиялар» тақырыбы бойынша белсенділерді жүлделі орындармен марапаттау

5 сәуір, 2024

05.04.2024 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Экономика және Бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасы аясында студенттер мен жас ғалымдардың арасында «фараби әлемі» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізілді. Секция бойынша «Экономикалық зерттеулердегі жаһандану мәселелері және интеллектуалды технологиялар» тақырыбында қазіргі кезеңдегі жаһандық мәселелер қарастырыла отырып, оның экономикалық дамуына әсері жан-жақты зерттелді. Сонымен қатар, студенттер мен жас ғалымдардың баяндамаларында экономикалық зерттеулердегі жаһандану мәселелері экономикалық, әлеуметтік, экологиялық аспектілері бойынша да жан-жақты қарастырылып, ТДМ 8, ТДМ 9, ТДМ 12 мақсаттарының орындалуын ғылыми негізде талданды. Осы бағытта студенттер мен жас ғалымдардың «Экономикалық зерттеулер, жаһандану мәселелері және интеллектуалды технологияларға» деген қызығушылығы мен белсенділігі байқалды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін байқаудың студенттер мен магистранттар арасындағы бәсекелестік қабілетін арттыруда рөлі маңызды. Жеңімпаз атанған студенттерден бөлек, қатысушылардың барлығына алғыс хат табысталды. «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми концеренция өз деңгейінде өткізіліп, өз мәресіне жетті.

 

«Экономика» кафедрасының меңгерушісі: э.ғ.к.,профессор Дәулиева Ғ.Р.,

 э.ғ.к., аға оқытушы Бейсенбаев Ж.Т.