Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының Жас ғалымдар кеңесі

6 сәуір, 2024

2024 жылдың 05 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының Жас ғалымдар кеңесінің отырысында бірінші курс докторанттары Әпсімет Нұрдәулет пен Тұрысбек Рысбек Орталық Азия елдерінің студенттеріне арналған 2024 жылғы "Қытай көпірі" аясында Қытайдың Сиань қаласында Солтүстік-батыс саяси ғылымдар мен құқық университетінде орын алған құқықтық мәдениет жөніндегі оқу лагеріндегі өздерінің оқу қызметі туралы есеп берді. Іс-шара барысында олар осы университет профессорларының әртүрлі тақырыптағы сабақтарына, халықаралық конференцияға қатысып, сот жүйесін жаңғырту жөніндегі докторанттар форумында жасаған өз баяндамаларын ұсынғандары туралы баяндады.


Олардан кейін 1 және 2 курс магистранттары оқу жылындағы ғылыми жетістіктерімен бөлісіп, болашақ жоспарларын талқылады.