- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында оқу ордасының жас ғалымдарымен кездесті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында оқу ордасының жас ғалымдарымен кездесті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында оқу ордасының жас ғалымдарымен кездесті. Кездесуге университетіміздің білім алушылары, магистранттар, докторанттар және Жас Ғалымдар санатына кіретін оқытушылары мен қызметкерлері қатысты. Адамзат тарихындағы барлық табыстарға білім мен ғылымның арқасында қол жеткізілді. Сонымен қатар қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз ешбір ілгерілеу мүмкін емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің бірінші отырысында сөйлеген сөзінде еліміздің ғылыми-техникалық саясатының одан әрі басымдықтарын айқындау мақсатында: Қазақстан - ғылыми прогресті анықтайтын алдыңғы қатарлы елдердің қатарында болуы қажет. Бұл мақсат қиын болып көрінгенімен, оған жетуге ұмтылуымыз керек. Ректор өз баяндамасында осы мақсаттарға жетудегі университетіміздің негізгі басымдықтарына тоқтала келе, әрбір университетіміздің Жас ғалымдары «Менің университетім» мен өз университетіме қандай ғылыми жаңалығымды, үлесімді қосамын деп еңбек етулеріңіз қажет деді. Жас ғалымдарымыз халықаралық деңгейдегі келісім шарттар бойынша шет елдік жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда «Болашақ бағдарламасы және басқада академиялық мобильдік бойынша алмасу бағдарламаларымен өздерінің ғылыми біліктіліктерін жетілдіріп келеді. Ол жақтан алған ғылми жетістіктерімізді Отандық ғылымды дамыту жолында аянбай еңбек ету қажет екендіктеріне тоқталды. Кездесу барысында Жас Ғалымдар арасында ғылыми жобалар мен гранттарды ұтып алған және үздік ғылыми мақалалары үшін университетіміздің ерең еңбегі үшін медалімен, университет ректорының алғыс хаттарымен, ақшалай стипендиялармен марапатталды. Сонымен қатар Жас ғалымдар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарының жауаптарын алып, ұсыныстарын білдірді. Кездесу соңында университет ректоры мен Жас ғалымдарымыз естелікке фотоға түсті.