«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

5 сәуір, 2024

2024 жылдың 5 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде «Фараби әлемі»  студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясы өтті.

«Биология және биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері» 1 секция бойынша барлығы 54 тезис қабылданды, оның ішінде:1 тезис – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті; 4 тезис – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 1 тезис - Alikhan Bokeikhan University, 1 тезис - Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, 1 тезис – Қыздар мемлекеттік педагогикалық университеті, 1 тезис – Нархоз университеті,  45 тезис – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

«Биология және биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері» атты 1-секцияның отырысында 10 баяндама тыңдалды.

«Биология және биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері» атты 1-секцияның комиссия төрайымы: б.ғ.д., профессор Курманбаева М.С., комиссия мүшелері: б.ғ.д., профессор Нуртазин С.Т., б.ғ.д., профессор Мухитдинов Н.М., б.ғ.к., доцент Мамилов Н.Ш., б.ғ.к., аға оқытушы Жаркова И.М.

Комиссия мүшелері марапаттау туралы келесі шешімдерді қабылдады:

«Биология және биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері» атты секциясы бойынша 1 дәрежелі дипломмен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс магистранты Турсымбай Калима Сарсембайкызы марапатталсын, баяндама тақырыбы: «Шренк шыршасының (Picea Schrenkiana) табиғи қалпына келу жай-күйін бағалау (Іле-Алатау МҰТП аумағында)». Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., қауым.профессор Ахтаева Н.З.

«Биология және биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері» атты секциясы бойынша 2 дәрежелі дипломмен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс магистранты Қойшекенова Дильназ Миранқызы марапатталсын, баяндама тақырыбы: «Nepeta pannonica дәрілік өсімдігінің биоморфологиялық құрылымын зерттеу». Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., қауым.профессор Ахтаева Н.З.

«Биология және биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері» атты секциясы бойынша 2 дәрежелі дипломмен Alikhan Bokeikhan University 2 курс студенті Русланова Диана Русланқызы марапатталсын, баяндама тақырыбы: «Қыналарды биоиндикациялауда әртүрлі әдістерді қолдану арқылы зерттеу». Ғылыми жетекшісі: биология магистрі Букабаева Ж.Т.

«Биология және биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері» атты секциясы бойынша 3 дәрежелі дипломмен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті Курбаниязов Алланазар Даулетиярович марапатталсын, баяндама тақырыбы: «Тоғандағы көксерке (Sander lucioperca) балықтарының қоректенуі». Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Шалгимбаева С.М.

«Биология және биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері» атты секциясы бойынша 3 дәрежелі дипломмен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті Ақылбек Әсем Ұланқызы марапатталсын, баяндама тақырыбы: «Өсімдіктердің биологиялық белсенді қосылыстарының антирадикалды белсенділігін және оларды медицинада практикалық қолдану перспективаларын зерттеу». Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., аға оқытушысы Абдуллаева Б.А.

«Биология және биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері» атты секциясы бойынша 3 дәрежелі дипломмен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 1 курс магистранты Санатбек Аружан Азаматқызы марапатталсын, баяндама тақырыбы «Tamarix l. туысы түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін талдау». Ғылыми жетекшісі: биология ғылымдарының кандидаты  Тилеубаева Ж.С.

Конференцияның барлық қатысушылары қатысқаны үшін сертификаттар алды.

Хатшы: оқытушы Дәулет Камилия Әуескелдіқызы.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz