ЭжБЖМ-де Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

5 сәуір, 2024

8-9 сәуір 2024 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебінде ІІ Халықаралық Фараби Форумы аясында «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүмкіндіктер» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. 

Конференцияның ашылу салтанатына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы - Ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы, «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры – Садыков Еркин Токмухамедович, Парламент Мәжілісінің депутаты, меценат – Берденов Руслан Арысбекұлы,  Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Экономика институты» РМКдиректоры, э.ғ.д., профессор  – Тургинбаева Ардақ Несіпбекқызы,  Бизнес және экономика мектебі, Ювяскула университетінен PhD докторы – Aйжаз А. Шейх(Финляндия), Инновация және кәсіпкерлік бойынша құрметті профессор, Экзетер Университетінен –John Bessant(Ұлыбритания), Бронислав Маркевич атындағы Мемлекеттік Технология және Экономика Университетіен–Ryszard Pukała (Польша), «Фридом Финанс» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Freedom Finance Global PLC директорлар кеңесінің мүшесі – Нукенов Түсіп Бейсенғазыұлы қатысады. 

Пленарлық мәжілісте Қазақстан Республикасының Қаржы министрі - Такиев Мәди Төкешұлы, Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті,  экономика ғылымдарының докторы, профессор – Алшанов Рахман Алшанұлы, «Ланчжоу» мейрамханалар желісінің негізін қалаушы – Гүлбану Майгарина,   «Отбасы Банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары - Ақшанов Нұрлан Сағындықұлы, «Qazaq fastfood Bauyrdaq» негізін қалаушы – Кусанбаев Ақтілек Азатбекұлы, Астана қаласы әкімінің орынбасары –  Байкен Есет Берікұлы, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ  филиалының директоры – Мадияр Султанбек, Корольдік технология институтының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы – Антонио Маффей (Стокгольм, Швеция), «Экономика» кафедрасының профессоры, э.ғ.д. – Тулегенова Мадина Сакеновна баяндама жасайды. Секция мәжілістеріне Түркия, Италия, Өзбекстан  және т.б. елдердің ғалымдары баяндамаларымен қатысады.

Талқылантын тақырыптардың бағыттары заманауи экономикадағы өзекті мәселелерді: тұрақты даму контекстіндегі бизнес-технологиялар, қаржы-есеп жүйесінің цифрлық трансформациясы, турбуленттілік жағдайындағы басқарудың жаңа трендтері, экономиканы дамытудың стратегиялық басымдықтарын қамтиды.

Сонымен қатар, конференция тақырыбы аясында жеке сектор мен бизнес-ортаның өкілдерінің қатысуымен практикалық бағыттағы семинарлар мен воркшоптар да ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, Rating point in affiliation with Essence Mediacom компаниясының Digital Strategic директоры –Рошонок Алексей Эдуардович, «QBI Analytic бас директоры» – Қалибеков Мақсат Мұратбекұлы, «Galamat Tech» ЖШС өнімінің иесі (Product Owner) – Балабеков Марат Табысбекұлы, ЖШС «Almaty Creative» креативті индустрияларды дамыту орталығының бас директор орынбасары – Елюбаева Бахыт Сеилхановна,  «Bugin Holding» компаниясының бас директоры – Қуатбай Айбек Нұрланұлы, IFAC Халықаралық бухгалтерлер федерациясы атқарушы директорының орынбасары – Абиев Тимур Әнуарұлы қатысады.

Экономика және бизнес жоғары мектебінің ұйымдастыруымен өтетін Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ел экономикасындағы тұрақты дамуға қол жеткізу мәселелерін жан-жақты талқылап, кәсіби мамандар мен стейкхолдерлердің тәжірибесін ортаға салатын маңызды іс шара болады.