- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасының оқытушылары еліміздегі маңызды іс-шараларды синхрон аудармамен қамтамасыз етті
Қытайтану кафедрасының оқытушылары еліміздегі маңызды іс-шараларды синхрон аудармамен қамтамасыз етті
Шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының оқытушылары Қазақстан Республикасында және елімізден тыс жерлерде де ұйымдастырылатын барлық іс-шараларды синхрон аудармамен қамтамасыз етеді. Айта кетсек, 27-28 наурызда кафедра профессоры м.а. Фатимабибі Дәулет университетіміздің география факультетінде ашылған «Қазақстан-Қытай бірлескен қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасының ашылуы барысында ұйымдастырылған барлық іс-шараларды қытай, орыс, қазақ тілдерін пайдалана отырып синхрон аудармамен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, кафедраның аға оқытушысы Құлпынай Дүйсенбай және «Аударма ісі» мамандығы бойынша оқитын кафедраның 2 курс докторанты Шәріпова Анар 28-29 наурызында Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан туризм жылының ашылуы аясында ұйымдастырылған барлық ресми іс-шараларды синхрон аудармамен қамтамасыз етті. 27-30 наурыз аралығында кафедраның аға оқытушылары Нұржан Сапарбаева, Сандуғаш Меттібаева, 1 курс докторанты Су Цзя-инь, 1 магистранты Бақнар Дәңкей Астана қаласында қытай бизнесінің қатысуымен өткен II Халықаралық экспорттаушылар форумын синхрон аудармамен қамтамасыз етті. Шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының ұжымы жоғары білікті мамандардан – ғалым-филологтардан, тарихшылардан, саясаттанушылардан, мәдениеттанушы – оқытушы-әдіскерлерден, көптеген заманауи оқулықтардың, оқу құралдарының, монографиялар мен сөздіктердің авторларынан құралған. Кафедраның барлық оқытушылары оқу процесіне шығармашылық тұрғыда қарап, оқу-әдістемелік құралдарды үнемі жаңартып отырады, оқытудағы жаңа үрдістерді, жаңа тілдік және мәдени ерекшеліктерді ескереді. Кафедраның осы жоғары білікті мамандары сонымен бірге, университет аясында, мемлекет аясында және елімізден тыс жерлерде өтетін барлық маңызды іс-шараларды жоғары сападағы синхрон аудармамен қамтамасыз етеді.