Табысты түлектер –кафедра мақтанышы

8 сәуір, 2024

Экономика және бизнес жоғары мекте­бі­нің мерейлі 75 жыл­ды­ғына орай, әлемде құрметпен мойында­луына себепкер болған Экономика кафедра­сы­ның ғылым мен білім, тәжірибе мен жетіс­тік­теріне тоқталып өту маңызды.

Бұл жетістіктер оқытушылар мен ғалымдардың кәсіби қыз­ме­тін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар Экономика және бизнес жоғары мектебінің жетістігі мен дамуының негізгі факторы екеніне тоқталған жөн. Өйткені кафедра эко­но­ми­ка ғылымының дамуына және білікті мамандарды даяр­лауға зор үлес қосты.

Курстарды кеңейту және оқы­ту бағдарламасын жа­ңар­ту: кафедра жұмысындағы ма­ңыз­ды қадам – экономикалық са­ладағы соңғы тенденциялар мен өзгерістерді ескере оты­рып, білім беру бағдарла­ма­ла­рын жаңарту болды. Сту­дент­тер мен магистранттарға қа­жетті сапалы білім беру үшін жаңа курстар мен пәндер енгізілді.

Оқытуда соңғы техноло­гия­ны белсенді қолдану: кафедра оқу үдерісіне жаңа техно­ло­гия­ларды сәтті енгізді. Кафедра меңгерушісі, доцент Ғ.Дәулие­ва­ның бастамасымен «Кәсіп­кер­лік» пәні бойынша онлайн курстың құрастырылуы, ин­тер­активті тапсырмалар мен оқу­лық­тар студенттерге  оқуды қол­жетімді және тиімді етуге көмек берді. Бұл цифрлық са­уат­тылық дағдыларын да­мы­туға да ықпал етті.

Ғылыми саладағы белсен­ді­лікті арттыру: Экономика ка­фе­драсының басты жетістігі – оның ғылыми қызметі мен эконо­ми­калық ойдың дамуына қосқан үлесі. Кафедраның оқы­тушы-профессорлар құра­мы ғылыми зерттеулерге бел­се­не қатысып, жетекші жур­нал­дарда мақала­лар жа­рия­лауда. Бұл ка­фе­дра­ның экономикалық тео­рия мен практика саласында алдыңғы қатарда қалуына мүмкіндік береді. 2023/24 оқу жылында Экономика кафе­дра­сы ғылыми зерттеулерге бел­сен­ді қаты­суын жалғастырды. Бұл оның бе­делін көтеруге көмектесті. Ғы­лыми Scopus БД журнал­дар­да жарияланымдар, кон­фе­рен­цияларға қатысу жә­не кәсіп­орын­дармен ынтымақ­тас­тық жобалары кафедра жұ­мы­сының ажырамас бөлігіне ай­налды. Өткен жылы кафе­дра­да үздік оқытушы-профес­сор­лық құрам Б.Мұхамедиев, Д.Рах­ма­туллаева және С.Қон­ды­бае­ва­мен үш ғылыми жоба жүзеге асты. Сонымен қатар екі жас ғалым – Ж.Темір­бо­латова мен А.Қа­лиева «Жас ға­лым» пост­док­торантура жо­ба­сы ая­сын­да ізденушілік зерт­теу жұмыстарын жүр­гі­зу­де.

Сту­денттердің бастама­ла­рын дамыту: кафедрадағы сту­денттердің ізденушілігі мен қоғамдық жұмыстары жан-жақты және қарқынды болды. Студенттік конферен­ция­лар­ды, шеберлік-сыныптар және кәсіби іс-шараларды ұйым­дас­тыру студенттердің тұлғалық өсуіне және олардың кафедра өміріне белсенді қатысуына ықпал етті. Экономика бағыты бойынша өткен республикалық студенттік пәндік олимпиадада доцент Г.Андабаева мен аға оқытушы Г.Иляшованың же­тек­шілігімен студенттер 1-орынға ие болды.

Түлектердің еңбек нарығын­да­ғы табысты жұмысы: Эко­но­мика кафедрасы өз түлек­те­рінің табысты мансаптарын мақ­та­ныш­пен атап өтеді. Жұ­мыс беру­шілермен өзара іс-шара­лар, тағылымдамадан өту және тәжірибелік сабақтар тү­лек­тер­дің экономиканың түрлі сала­ла­рында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына ық­пал етті. Кафедра әрдайым та­бысты тү­лек­терін арнайы ұйым­дас­ты­рылатын дәріс­тер­ге, сонымен қоса, пәндік се­ми­нар сабақ­та­рына тәжірибиелік ма­ман ре­тінде шақыруда. Ка­фе­дра тү­лек­терінің рейтин­г­тері мен пі­кірлері олардың да­йын­ды­ғы­ның жоғары деңгейін көр­сетеді. Тәжірибелік дағ­ды­лар мен оқытудың иннова­ция­лық әдіс­те­ріне бағытталған оқу бағдар­ла­масы түлектерге кә­сіби ор­та­ға сәтті кірігуге мүмкіндік бе­реді.

Халықаралық серік­тестер­мен ынтымақтастық: кафедра шетел университеттерімен жә­не ұйымдарымен белсенді ын­ты­мақтастық арқылы өзінің ха­лықаралық беделін ны­ғайт­ты. Өткен жылы Экономика ка­фе­драсы АҚШ-тың үздік жо­ғары оқу орны – Канзас уни­вер­си­тетімен ынтымақ­тас­тық туралы меморандумға қол қойды. Серіктес университет­тер­мен бір­лескен ғылыми зерт­теулер және халықаралық кон­ферен­ция­лар, дөңгелек үс­телдер ұйым­дастыру кафедра да­муы­ның маңызды элементі болды.

Қорытындылай келе, Эконо­ми­ка кафедрасының негізгі жетістіктері кәсіби деңгейдің, ғы­лыми белсенділіктің және қыз­меттің практикалық ма­ңыз­дылығын көрсететінін атап өту қажет. Үнемі жаңа білімді із­дес­тіру, заманауи әдіст­е­ме­лерді дамыту және ғылыми зерттеу­лер­ге белсенді қа­тысу­дың арқа­сын­да кафедра Қа­зақ­станда жетекші экономи­ка­лық ой орта­лықтарының біріне айналып, же­текші шетел жо­ға­ры оқу орын­да­рында да та­ны­мал болды.

Кафедра қазіргі заманның сын-қатерлеріне бейімделіп, оқыту мен ғылыми зерттеу­лер­дің жаңа тәсілдерін дамыта отырып, сенімді түрде алға жыл­жып келеді. Ұзақ жылдар бойы қол жеткізген табыстар эко­номика мен бизнес сала­сын­дағы болашақ жетістіктер мен жаңалықтардың сенімді іргетасына айналды.

Салтанат ҚАНАПИЯҚЫЗЫ,

PhD, Экономика кафедрасының

аға оқытушысы