Рухани кемелдік пен мәдени өсуге ықпал ететін бірден-бір орын – театр

8 сәуір, 2024

 

Өнер әлемі – бұл біздің әлеміміздегі ең құнды дүние. Рухани кемелдік пен мәдени өсуге ықпал ететін бірден-бір орын – театр. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табыла отырып  03 сәуір  күні  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына орай және БҰҰ ТДМ-3 “Салауатты  өмір салтын насихаттау” аясында   заң факультетінің  қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к. эдвайзер   М.Қ. Бисеновамен    2 курс   201 топ студенттерімен « Ғ.Мүсірепов Қазақ  мемлекеттік  академиялық балалар  мен  жасөспірімдер  театры»  кезекті «Келіндер көтерілісі» қойылымын  тамашалады.   Мұңды комедия ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты емес, жалпы қоғамда орын алып отырған мәселелерді көрсетеді. Адам баласының еркіндігі, еркі, іс-әрекеті, таңдау құқығы сияқты күнделікті өмірде кездесетін мәселелер негізге алынған.