Лудоманияның қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатерлері

8 сәуір, 2024

ТДМ 3-ші мақсатына сәйкес 2024 жылдың 4 сәуір күні «Экономика» кафедрасының аға оқытушылары Иляшова Г.К. және Е.М.Жоламанов студенттерге игілікті және қауіпсіз өмірді қамтамасыз ету үшін алдын ала ақпараттық қаруландыру мақсатында бүгінгі таңдағы мүмкін болатын қауіптер, соның ішінде қоғамдағы құмар ойындардың өмірге қатерлері, оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары туралы ашық кураторлық сағат өткізді. Іс-шараға қатысушы «6В04109 – Цифрлық экономика» мамандығының 2-3 курс  студенттері Лудомания – адам өмірінде негативті тұрғыдан басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық тұрғыдан және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлығы екендіктеріне көздері жетті. Іс-шара осы Лудоманияның әлеуметтік-экономикалық сын-қатерлерін терең түсінуге ықпал етті және осы проблемалардың болу ықтималы және оның алдын алу жолдары талқыланды.