«Криминопенологияның қазіргі мәселелері» тақыбырында дөңгелек үстел

9 сәуір, 2024

08.04.2024 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминиластика кафедрасының профессор м.а.,  PhD докторы Жанибеков А.К және 1-курс докторанты Н.С. Жұмадилова  ғылым апталығы мен №4«Сапалы білім беру» ТДМ аясында «Криминопенологияның қазіргі мәселелері» тақыбырында дөңгелек үстел өткізді.
Талқылау барысында криминопенологияның сандық қылмыстан нашақорлық пен экстремизмге дейінгі әртүрлі аспектілері қарастырылды. Қатысушылар негізгі сын-қатерлер мен оларды шешудің мүмкін жолдарын анықтап, белсенді пікір мен тәжірибе алмасты.
Бұл іс-шараның мақсаты криминопенология саласындағы қоғам алдында тұрған заманауи сын-қатерлер мен проблемаларды талқылау және талдау үшін платформа құру болды.