Жаһандық сын-қатерлерді сарапшылық талқылау: факультеттің 75 жылдығы аясында «Заманауи жаһандық сын-қатерлер және стратегиялық басымдықтар» секциясы

9 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің 75 жылдығын мерекелеу аясында «Заманымыздың жаһандық сын-қатерлері және стратегиялық басымдықтар» атты жоғары интеллектуалды секция өтті. 8 сәуірде өткен шара әртүрлі елдердің жетекші сарапшылары мен ғалымдарын біріктірді: Челетти Давид PhD, Падуя университетінің профессоры, Падуя, Италия; Бектурганова Макпал Саттикуловна – PhD, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Экономика институтының ғылыми қызметкері; Черевач-Филипович Катаржина PhD, Белосток политехникалық университетінің профессоры, Белосток, Польша; Кангалакова Дана Муратбековна – PhD, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Экономика институтының ғылыми қызметкері; Қойлыбай Әбдіғаппар Жеңісұлы – «Almaty Creative» Креативті индустрияны дамыту орталығының Қаржылық-келісімшарттық жұмыс департаментінің директоры/ қаржы директоры; Рахматуллаева Динара Жаксылыковна PhD, «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы.

Спикерлер тұрақты даму стратегияларына назар аудара отырып, қазіргі заманғы сын-қатерлер мен экономикадағы басымдықтардың негізгі аспектілері бойынша зерттеулері мен сарапшылық пікірлерін ортаға салды (ТДМ 4, ТДМ 17). Кәсіпорындарды аумақтық бөлу, экономикалық тұрақтылық, урбанизация, энергия тиімділігі, ғылыми саладағы гендерлік теңсіздік, сондай-ақ тұрақты дамуға қол жеткізудегі креативті индустриялардың рөлі талқыланды.

Секция резолюциясында заманауи сын-қатерлерді тиімді жеңу үшін ғылыми зерттеулер мен практикалық шешімдерді одан әрі тереңдету, сондай-ақ осы маңызды үдерісте ғалымдар, практиктер және қоғамның белсенді өзара әрекеттесуі талап етіледі. Секция жұмысы аясында Падуа университетімен ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы жұмыс талқыланды.