«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың жыл сайынғы Халықаралық ғылыми конференция

6 сәуір, 2024

2024 жылдың 4-6 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың жыл сайынғы Халықаралық ғылыми конференциясын өткізді. Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында екі секция жұмыс істеді: «Қаржылық-құқықтық пәндер», «Қазақстан Республикасында «Жасыл» экономиканы қалыптастырудың құқықтық мәселелері». Барлығы 56 қатысушы қатысты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің, география және табиғатты пайдалану факуьтеттерінің студенттері; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің студенттері; Нархоз университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің және Satbayev University студенттері, сонымен қатар ҚХР-нан келеген магистранттар белсенді қатысты.
 Бұл кеден және қаржылық құқық, экологиялық құқықтың әртүрлі құқықтық тәжірибелер мен тәсілдермен алмасуға мүмкіндік берді.
Конференция аясында аталған салалардағы құқықтық қоғамдастықтың алдында тұрған заманауи сын-қатерлер мен проблемалар қаралды.  
Конференцияға студенттер мен жас ғалымдардың қатысуы ғылыми ойлауды дамытуға, сондай-ақ академиялық тәжірибе мен идеялармен алмасуға ықпал етеді, бұл кеден, қаржы және экологиялық құқық саласындағы ғылыми диалог деңгейін арттыруға ықпал етеді.
«Фараби әлемі» дәстүрлі халықаралық ғылыми конференциясы әртүрлі елдер мен жоғары оқу орындарының студенттері мен жас ғалымдары арасындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді, бұл жаһандық құқықтық қоғамдастықты дамытудың маңызды факторы болып табылады. «Фараби әлемі» Халықаралық ғылыми конференциясының қорытындысы бойынша студенттер мен магистранттарға 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар және сертификаттар табыс етілді.  
Тәжірибе алмасу және талқылау нәтижелері қатысушылардың кеден, қаржы және экологиялық құқық туралы түсінігін едәуір байыта алады, сонымен қатар әртүрлі елдер арасындағы тиімді ынтымақтастық стратегияларын жасауға көмектеседі. 
Қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!