«Ғылыми мақаланы жазу және жариялау шеберлігі»
8 сәуір, 2024
08.04.2024 жылы кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Г.А. Куаналиева 7M04216 Қаржы құқығы білім беру бағдарламасы, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша білім алушы 1 курс магистранты ҚХР азаматы Жайдар Бектұрсынмен ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Ғылыми-әдістемелік семинардың тақырыбы: «Ғылыми мақаланы жазу және жариялау шеберлігі». Семинар магистранттың ғылыми мақала жазу кезінде кездесетін негізгі мәселелері мен болуы ықтимал проблемаларына арналды. Қазақстанның және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған кездегі мақалаларға қойылатын талаптар, басылымды қабылдаудан бас тарту себептері, сондай-ақ өзінің ғылыми еңбегін насихаттау және тарату процесінің кезеңдері жан-жақты талқыланды.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024