Сәуір айы ҚазҰУ студенттері үшін – театр айы

3 сәуір, 2024

Сәуір айы ҚазҰУ студенттері үшін – театр айы. Рухани кемелдік пен мәдени өсуге ықпал ететін бірден-бір орын – театр. 3 сәуір  күні  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Филология және Заң факультетінің студенттері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ  мемлекеттік  академиялық балалар  мен  жасөспірімдер  театрында «Келіндер көтерілісі» қойылымын тамашалады. Мұңды комедия ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты емес, жалпы қоғамда орын алып отырған мәселелерді көрсетеді. Қойылым адам баласының еркіндігі, еркі, іс-әрекеті, таңдау құқығы сияқты күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді негізге алған. Студенттеріміз қойлымнан ерекше әсер алып, шыққан соң өзара ой бөлісіп, пікір алмасты.