Баршаңызға сәлем!
Біз, Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Көмек» пен «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорлары бірлесіп, еліміздің басына қара бұлт үйірілген сәтте (Батыс Қазақстан мен басқа да өңірлердегі су тасқыны) қарға тамырлы халқымызды бірігуге шақырамыз.
Табиғи апат орын алған аймақтардағы бауырларымызға қол ұшын созып, көмек бергілеріңіз келсе, Әл-Фараби 71/15 ( №15 жатақхана) мекен-жайына қолда бар киім-кешек, гигиеналық заттар және т.б қосымша көмек көрсете аласыздар.
Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жұмылып қызмет етсек, бұл сынақты бірге оңай еңсеретінімізге сенім кәміл!
Басқа жаңалықтар
16 қараша, 2024