XVI кезекті «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы бойынша деректер

8 сәуір, 2024

2024 жылдың 5 сәуірінде «Биология және биотехнология» факультетінде университетіміздің 90-жылдығына арналған XVI кезекті «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға 5 секция:

Секция 1. Биология және биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері

Секция 2. Биофизика, физиология, биологиялық білім биомедицина және нейронаука қазіргі заманауи мәселелері

Секция 3. Генетика, молекулалық биология және экология өзекті мәселелері

Секция 4. Биотехнологияның қазіргі заманауи мәселелері

Секция 5. Ғылымға бастама (мектеп оқушыларына арналған)

бойынша жалпы  241 тезис қабылданды. Оның ішінде бакалавр – 41, магистрант – 130, докторант – 48. “Ғылымға бастама” (мектеп оқушыларына арналған) секциясы бойынша 20 тезис келіп түсті.

 

Шетелдік университеттерден 8 тезис қабылданды  (ТМД елдерінен 2 тезис):

Йонсей университеті, Сеул, Оңтүстік Корея,

Лотарингия Университеті, Франция,

Полесье мемлекеттік университеті, Беларусь,

И.Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті, Ташкент, Өзбекстан.

 

Қазақстан ішіндегі басқа универ және институттардан 13  тезис қабылданды. Олар:

Нархоз университеті,

Қазақ ұлттық Техникалық Зерттеу Университеті,

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,

Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті,

Астана медицина университеті,

Генетика және физиология институты,

Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы.

 

Жалпы 5 секция бойынша 64 баяндама тыңдалып, жеңімпаздар тиісті дипломдар және сертификаттармен марапатталды.