«Алматы қаласының киелі орындарымен танысу»

7 сәуір, 2024

 

07 сәуір 2024 жылы

Жамбыл мұражайына экскурсия - Алматы облысы,  Жамбыл ауылында орналасқан, тарихи және мәдени мекеме. Жамбыл мұражайы қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаев өзінің өмірінің соңғы 7 жылында тұрған үйінде 1946 ж. ұйымдастырылды.  Философия және саясаттану факультетінің Дінтану мамандығының 1 курс студенттері және дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Тунгатова Ұлжан Аскарбаевна онымен қоса 1 курс магистранттар Қадыр Ілияс пен Лесбек Аят  осы  мұражайға барып қайтты. Мұражайда   ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды тамашалап, рухани азық алып, демалып қайтты. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.