Студенттерді ҚазҰУ студенті мәртебесімен және студенттік ар-намыс кодексімен таныстыру

7 қыркүйек, 2023

Физика-техникалық факультетінде студенттер ҚазҰУ студентінің ұстанымымен және студенттік ар-намыс кодексімен таныстырылды. Салауатты өмір салтын ұстануға, өзінің мәдени, адамгершілік және тұлғалық даму деңгейін көтеруге, университеттің қоғамдық, мәдени, ғылыми және спорттық өміріне белсенді қатысуға ұмтылу - университетіміздің әр студенті ұмтылуы тиіс.

Студенттерге университеттің Ар-намыс кодексі, ішкі тәртіп ережелері, жатақхана ережелері және басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын сақтауы, сонымен қатар әрбір студент білім беру бағдарламаларының талаптарын орындап, жоғары деңгейде меңгеруі тиіс екендігі жан-жақты түсіндірілді. Кодекске сәйкес студенттер ғылыми-зерттеу және мәдени-қоғамдық салаларға белсенді қатысуға, оқу кезінде сыртқы келбет талаптарын сақтауға, құрал-жабдықтарға, техникалық оқу құралдарына және басқа да мүліктерге ұқыптылықпен қарауға, аумақта тазалық пен тәртіпті сақтауға міндетті.