Кожахметов Базаралы Токтарович Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» медалімен марапатталды

9 сәуір, 2024

Кожахметов Базаралы Токтарович 2009 жылдан бастап География және табиғатты пайдалану факультеті география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып келеді.

Еңбек жолы:

  1. 1984-1989 жылдары КСРО Совет Министрлігінде  Геодезия және картография Бас басқармасы,
  2. № 6 кәсіпорын, 104 Экспедиция, техник-топограф лауазымында жұмыс істеді. Далалық топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындады.
  3. 989-1992 жылдары Алматы қ. Қазақ энциклопедиясы, картаграфи ғылыми редакторы. Карталарды құрастырумен және редакциялаумен айналысты.

 

1992 жылдан бастап 2009 жылға дейін Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

1999 жылы жас ғалымдар арасындағы үздік ғылыми жұмысы үшін Ғылым министрлігі мен Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамотасымен және сыйлығымен марапатталды.

 

Базаралы Токтарович далалық-оқу практикасына жетекшілік етіп келеді. Оның ғылыми жетекшлігімен студенттер ғылыми конференцияларда жүлделі орындарға ие болды.

 

Ғылыми еңбектері

  • 4 томдық «Қазақстан» энциклопедиясын (1990),
  • Қарағанды ​​және Қарағанды ​​облысы энциклопедиясын (1989),
  • 10 томдық «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясының 6-10 томдарын (2004-2007),
  • «Оңтүстік Қазақстан облысы», «Отырар», «Жетісу», «Қостанай облысы» энциклопедияларын шығаруға қатысқан

Факультеттің, кафедраның мұғалімдері мен студенттері арасында абыройлы және беделді.