әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы (4-6 сәуір 2024 ж.)

8 сәуір, 2024

Жыл сайын сәуір айының басында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың барлық факультеттерінде «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы ұйымдастырылады. Биылғы жылы Халықаралық Фараби оқулары ҚазҰУ-дың 90 жылдығымен тұспа-тұс келді. Көптеген спикерлер үшін бұл олардың ғылыми баяндама жасаудағы алғашқы тәжірбиесі және ғылым жолындағы алғашқы қадамы болуы мүмкін.

Химия және химиялық технология факультетінде конференцияның 10 секциясына қатысу үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 220 баяндама ұсынылды.

Қазақстан үшін өзекті болып табылатын тұрақты дамудың 9, 12, 13, 15 мақсаттарына қол жеткізу туралы: климаттың өзгеруіне қарсы күрес, қоршаған ортаны қорғау, индустрияландыру, инновациялар мен инфрақұрылым, шикізатты ұқыпты тұтыну туралы баяндамалар көптеп ұсынылғанын атап өткен жөн.

Секция 1 Катализ және мұнай химиясының заманауи аспектілері

Секция 2 Нәзік органикалық синтез және табиғи қосылыстардың химиялық технологиясы

Секция 3 Коллоидтық химия және полимерлер химиясы

Секция 4 Іргелі химияның заманауи мәселелері

Секция 5 Жаңа материалдар және озық технологиялар

Секция 6 Химиялық физика және материалтану

Секция 7 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Секция 8 Химия және химиялық технологияның қазіргі мәселелері

Секция 9 Химиялық білім берудің өзекті мәселелері

Секция 10 Химия және химиялық технологияның перспективті бағыттары

 

1-7 және 9 секциялардың жұмысына бакалаврлар, 8 секцияға магистранттар мен докторанттар, ал 10 секцияға мектеп оқушылары мен 1 курс студенттері қатысты.

Барлық конференция қатысушыларына сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

«Катализ және мұнай химиясының заманауи аспектілері» 1 секциясының жеңімпаздары арасында келесі студенттер таңдалды:

1 орын - Маткир Ж.М., «The study of porous catalysis by the application of comsol multiphysics 6.1» (ғылыми жетекшісі –доцент м.а Василин Г.К.)  

2 орын:

1. Нұрым Б.Д., «Май құрамының деэмульсация уақытына әсерін зерттеу» (ғылыми жетекшісі - доцент м.а Тоштай К.);

2. Питерский А.Е. «Применение отходов металлургии в каталитической переработке пластика» (ғылыми жетекшісі - доцент Нечипуренко С.В.).

3 орын - Ыбайхан А.М., «Тас көмір шайырын гидробайыту арқылы кокс алу» (ғылыми жетекшісі - доцент Смагулова Н.Т.). 

 

Конференция жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да жетістіктер тілейміз!

 

1 секция төрағасы, физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының профессоры Сасыкова Л.Р.