"Орта білім берудегі цифрлық трансформация және тұрақты дамудың қиындықтары мен мүмкіндіктері"

9 сәуір, 2024

Торқалы 90 жылдық тарихында талай тағдырлы кезеңдердің, әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің куәсі болған  әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті бүгінде халықаралық байланыстары нығайған университет ретінде әлемдік білім кеңістігінен өз орнын айқындап, еліміздегі көпсалалы жоғары оқу орындары арасында көшбасшылық межені сақтап келеді.

Химия және химиялық технологиялар факультеті өзінің көпжылдық тарихында педагогикалық қызметке деген құндылық қатынасын ешқашан жоғалтқан емес, жоғалтпайды да. Әрі педагогтардың соңғы буынының негізгі міндетін жақсы түсініп, терең сезіне отырып, өздерінің педагогикалық қызметінің мәнін жандандырып қана қоймай, үлкен жеке және кәсіби әлеуетке ие барлық салалар үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар дайындайды. Білім алушылардың жаңа да жас ұрпағын қалыптастыру жолында аянбай еңбек ете береді.

Университетіміздің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының ұйымдастыруымен химия пәнінен мектеп мұғалімдеріне арналған “Орта білім саласындағы заманауи проблемалар” атты ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Тұрақты даму мақсаттарының бірі - сапалы білім беру аясында химияны оқытудың заманауи проблемаларын шешу болып табылады.

Секция спикерлері: Диас Тастанбеков – Ғылым және технологиялар жөніндегі ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі, жас ғалым; Аятжан Ахметжан – “ҚазБілім групп” компаниялар тобының Басқарма Төрағасы. Ғылыми-тәжірибелік семинарға Алматы қаласының ЖОО оқытушылары мен химия пәні мұғалімдері қатысты.

 

Батырбаева А.А.

Жусупова А.К.

Ажигулова Р.Н.

 Физикалық химия, катализ және    мұнайхимия кафедрасы