«Үздік лингвист» байқауы

17 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология факультеті

Түркітану және тіл теориясы кафедрасы

ХІ Республикалық «Үздік лингвист» олимпиадасы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 17 сәуірінде жоғары оқу орындары магистранттары арасында оффлайн форматта ХІІ Республикалық «Үздік лингвист» олимпиадасы өтеді.

Олимпиаданың басты мақсаты:

  • жас ғалымдардың, магистранттардың ғылыми белсенділіктерін арттыру;
  • ғылымға деген қоғамдық қызығушылықты ояту;
  • ғылыми кеңістіктегі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосу.

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Олимпиадаға Лингвистика, Қазақ филологиясы, Орыс филологиясы, Шетел филологиясы, Шетел тілі: екі шет тілі білім беру бағдарламасы бойынша оқитын магистранттары қатыса алады.

ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Үздік лингвист» олимпиадасы 2 кезеңнен тұрады:

1) бірінші кезең – тест (жалпы тіл білімі, тіл теориясы, генеологиялық, типологиялық классификация бойынша тест сұрақтары);

2) екінші кезең – үй тапсырмасы презентация («Қазақстандағы цифрлық лингвистика: болашағы және даму бағыттары» бойынша презентация қорғау). Слайд көлемі – 10-12. Презентация жалпы рәсімделу талаптарына сәйкес дайындалуы керек.

Өтініш формасы:

Қатысушының тегі, аты-жөні

 

Жоғары оқу орнының атауы

 

Мамандығы

 

Ұялы телефоны

 

Пошталық байланыс e-mail

 

Олимпиадаға қатысу үшін өтінімдерді 2024 жылдың 15 сәуіріне дейін көрсетілген nazerkei@inbox.ru электронды поштаға жіберуі  қажет.

Ұйымдастырушылар алқасының байланыс телефондары:

8-778-343-07-51, 8-702-582-73-10

2 кезеңнің презентациясын осы поштаға немесе ватсап номірлерге алдын ала жіберуіңізді өтінеміз!

Өтетін орны: Әл-Фараби даңғылы 71, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, (филология факультетінің корпусы, 3 қабат, 316 аудитория).