«Заманға сай білім – жарқын болашақтың кепілі»

9 сәуір, 2024

2024 жылдың 9 сәуірінде Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы А. Н. Спанбек «6В10105 – Қоғамдық денсаулық» мамандығының 1 курс студенттерімен бірлесіп Тұрақты даму мақсатын 16:  Бейбтішілік әділдік және тиімді институттар аясында «Ашықтық, әділдік, тұрақтылық: бірге жақсы болашаққа» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлін талқылау және адамдардың жақсы болашағы үшін ашықтықтың, әділеттіліктің және орнықты дамудың маңыздылығын түсінуді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық ұғымын және оның қоғам өмірінің түрлі салаларына әсерін анықтады. Олар сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың қоғамдағы әділеттілік пен теңдікке қалай әсер ететінін және ресурстар мен мүмкіндіктерге тең қол жетімділікті қамтамасыз ету және белгілі бір топтардың артықшылықты жағдайын болдырмау үшін қандай шаралар қабылдануы мүмкін екенін талқылады. Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамның экономикалық және саяси тұрақтылығына қалай әсер ететіні туралы пікір алмасты.