Тұрақты даму мақсаттары бойынша семинар
Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, PhD Алибекова К.Е. филология факультетінің 3 курс студенттеріне, сондай-ақ физика-техникалық факультетінің 1 курс студенттеріне Тұрақты даму мақсаттары тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинар барысында оқытушы ТДМ-ның негізгі аспектілері мен қағидаларына тоқталып, олардың адам өміріндегі маңызын, қоғам мен қоршаған ортаға тигізетін әсерін түсіндірді.
Студенттер ұсынылған ақпаратты талқылауға белсенді қатысты, сұрақтар қойды, өз ойларымен және презентациядан алған әсерлерімен бөлісті. Семинар барысында тұрақты даму мақсаттарын түсінуге және алған білімдерін тәжірибеде қолдануға бағытталған практикалық тапсырмалар ұсынылды. Презентациядағы әртүрлі мысалдар мен иллюстрациялар студенттерге материалды жақсы түсінуге және оның өмірде қолданылуын көруге мүмкіндік берді.
Студенттер Тұрақты даму мақсаттары тақырыбына қызығушылық танытты. Олар оқытушыны бар ынтасымен тыңдап, сұрақтар қойып, университет деңгейіндегі экологиялық мәселелерді шешуге қатысты өз ойларын білдірді. Тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде семинарға қатысушылар IT-технологияларды қолдану дағдыларын және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын көрсетті. Олар экологиялық білім беруді мектептердің бірінші сыныбынан бастап енгізу керек деген пікірлерін білдірді.
Қорытындылай келе, Тұрақты даму мақсаттарына арналған семинар студенттер үшін мазмұнды, қызықты және танымдық болғанын атап өткім келеді. Бұл олардың тұрақты даму саласындағы білімдерін кеңейтуге ықпал етті және тұрақтылық қағидаттарын күнделікті өміріне және болашақ кәсіби қызметіне белсенді түрде енгізуге шабыттандырды.