09.04.2024 күні Филология факультеті, Шетел филологиясы және Аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен Аударма ісі мамандығының 1-курс магистранттары Жақсылық А.Ж., Әбдіманап С.Н., Алимжанов Б.М. және топ эдвайзері Дайрабекова Г.С.
«Тұрақты даму мақсаттары» жобасының аясында “6В02303-Шетел филологиясы” мамандығының 2-курс студенттерімен «Құрлық экожүйелерін қорғау» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Студенттерді экожүйе терминімен таныстыру, Қазақстандағы экологиялық жағдайларымен бөлісіп, олармен күресу үшін жасалынып жатқан іс-шаралармен таныстыру. Ашық тәрбие сағаты интерактив түрінде өтіп, оған 17 студент қатысты. Сабақ барысында студенттер өз ойларын ашық жеткізіп, белсенді қатысты. Практикалық тапсырма ретінде қатысушылар екі топқа бөлініп, берілген тақырыпқа қатысты тапсырманы орындады. Студенттер қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті экологиялық мәселелермен танысып, олармен күресу үшін қолданылып жатқан іс-шаралармен танысты. Сабақ өз мақсатына жетті.