Елиубаев Қанат Өмірбайұлын студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобалар байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз!

11 сәуір, 2024

       Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы «6В05102-Биология» мамандығының 4 курс студенті Елиубаев Канат Омирбайулын Студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобалар байқауында жеңіске жетуімен шын жүректен құттықтайды! Оның «hexa.bilim» – білім беруді геймификациялау атты жобасы Қайрат Б.К. ғылыми жетекшілігімен ұсынылған биологиялық білімді геймификациялауға арналған мобильді қосымша болып табылады. Бұл жоба байқауға ұсынылған 26 жобаның ішінен үздік деп танылып, лайықты 2-орын мен 100 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

 

Қанат әзірлеген «ҰБТ Биология 2024» қосымшасы қазірдің өзінде Play Store және App Store дүкендерінде қол жетіміді. Қолданба мектеп оқушылары арасында танымал, қазіргі уақытта бұл қосымшаны 5000-нан астам қолданушы орнатқан. Бұл қосымшаның жаңалығы пайдаланушыларға тест тапсыру, бейне сабақтар мен жазбаларды қарау, сондай-ақ биологтар арасындағы дуэльдік шайқастарға қатысу үшін тиындарды жинап алуға мүмкіндік береді. Жиналған тиындарды Марста қала салу үшін пайдалануға болады, бұл оқуды ынталандырады және прогресті көрсетеді. Қолданба 7-11 сыныптарға арналған мектеп биологиясының оқу бағдарламасын қамтиды және әртүрлі тест түрлерін, сондай-ақ тестті аяқтағаннан кейін қателерді талдау мүмкіндігін ұсынады. Барлық ақпарат деректер бұлтында сақталады және қолданушы көрсеткіштері 18 бөлімнің әрқайсысында бақыланады. Қанат алғашқы білім беруі үшін мобильді қосымшалары мектепте 10 сыныбында жарыққа шығарған. Оның ҰБТ Қазақстан Тарихы қосымша 75 000-нан астам қазақстандық оқушылар арасында пайдаланылып келеді.

Елиубаев     Канат Омирбайулын жарыстағы лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Осымен тоқтап қалмай, әрқашан алға ұмтылуларыңызға, кез келген шыңдарды бағындыруларыңызға тілектеспіз. Бақытты жұлдыз әрқашан сәттілік жолында жарқырай берсін!