2024 жылдың 01 сәуірінде 317 аудиторияда сағат 14.00-де Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру «Сот әділдігі.» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Бұл шараның спикері аға оқытушы Қарашева Ж.Т
Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген бақыты, азаматтарымыздың қан мен терін аямай төгіп көтерілген биік белесі, халқымыздың мәңгілік құндылығы екенін шегелеп айтқан Елбасы сот жүйесінің де еркін жұмыс істеп, әділ үкім, тура шешім шығаруына толыққанды жағдай жасала беретінін атап өтті. Тәуелсіз елмен бірге жасасып, бірге қалыптасып, бірге түлеген сот жүйесі бүгінде материалдық-техникалық жақтан толық қамтамасыз етілген, рухани жақтан жан-жақты қолдау тапқан мықты құрылымға айналды. Ең бастысы, Елбасымыз судьялардың тәуелсіздігін бекітті, келешегінің келбетті болатынын сендірді. Сот жүйесінің ескі қағидалармен өмір сүрмей, жаңаша тыныстауына мүмкіндік жасады.