KazNUxTalk форматындағы «Жастар бастамалары» республикалық байқауы туралы
Тұрақты дамудың 4 жаһандық мақсатына және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «Жастар бастамалары» байқауы педагогика және білім беру менеджменті кафедрасымен ұйымдастырылған. Байқау мектептегі және жоғары оқу орындарындағы білім беруді жақсарту, білім берудегі әлеуметтік әріптестікті дамыту, мектептегі және басқарушылық өзгерістерді енгізуге бағытталған.
Байқау 2024 жылдың 3 қаңтар мен 31 наурыз аралығында жас және талантты бакалавриат студенттеріне білім беру сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық идеялар мен жобаларды көрсетуге мүмкіндік беру үшін өткізілді.
Қатысушылар өз жобаларын мақсаты, міндеттері, тұжырымдамасы, іске асыру жоспары, күтілетін нәтижелері бар егжей-тегжейлі сипаттама түрінде ұсынды. Өтінімдер конкурстың https://projectyouth.kz ресми сайтында қабылданды. Конкурстың өту барысы instagram: @kaznu_project, тик-ток: kaznu_project әлеуметтік желілерінде сипатталып отырылды. Әлеуметтік желілер «Педагогика. Білім берудегі менеджмент» мамандығыныңмагистранттарымен еріктілік негізінде жүргізілді.
Байқау қорытындысы бойынша сараптау комиссиясы студенттердің арасынан үздік жобалық шешімдерді таңдады. Ал жүлделі орындарға және ақшалай сыйлықтарға үміткер студенттер 2024 жылдың 11 сәуірінде әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ кітапханасында KazNUxTalk-те өз жобалық шешімдерін ұсынды. Жүлде қоры 150 мың теңге және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтар құрды.