Тұрақты даму мүддесінде жаһандық әріптестікті нығайту

10 сәуір, 2024

10.04.24 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры,  заң ғылымдарының докторы Ибраева А.С. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде "Құқықтық сауаттылық-уақыт талабы" тақырыбында дәріс оқыды. Бұл Алматы облысындағы арнайы оқу орны.  Педагогикалық мамандық бойынша 9-11 сыныптар базасында мамандар даярлауды жүзеге асырады.  

 Кездесу барысында білім алушыларға құқықтық сауаттылықтың негізгі қағидаттары туралы ақпарат ұсынылды. Адам құқықтарын қорғауға қатысты мәселелер де талқыланды.   Кездесу еркін форматта өтті.

Профессор А.С. Ибраевамен бұл кездесуді Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің басшылығы жалпы білім беретін пәндік циклдік комиссияның онкүндігі шеңберінде ұйымдастырды.