ПРОФЕССОР КУРМАНБАЕВА МЕРУЕРТ САКЕНОВНАНЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

12 сәуір, 2024

12- сәуір «Ғылым күніне» орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Ғылыми Зерттеу  Университетінде «Ғылым күні» аталып өтілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ғылымның бүгінгі дамуы – елдің ертеңгі табысының кепілі.  Егер әлемдік дамуда көш соңында қалмаймыз десек, ең алдымен ғылымды дамытуымыз керек. Сондықтан ұлттық ғылымды жаңа деңгейге көтеретін мезгіл жетті. Отандық өндірісті өркендету үшін ғылыми инновациялар, жаңалықтар қажет. Ғалымдарымыздың еңбегі сапалы өнім шығаруға немесе өндірісті тиімді етуге тиіс. Сонда ғана экономикамыз дамиды», – деп атап өткен болатын.

Президент тапсырмасына орай, биыл Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.

ҚазҰУ-дың зерттеу университеті ретіндегі ғылымды дамытуға бағытталған барлық іс-шаралары мен ғылыми жобалары осы тұжырымдама аясында іске асырылатын болады.

Ректор Жансейіт Қансейітұлы ТҮЙМЕБАЕВ Универтситет профессорлары мен доценттерді, барша оқытушылық құрамды, жас ғалымдар мен студенттерді мерекемен құттықтап арнайы төсбелгілермен құттықтау хаттарын марапаттарын қаржылай сыйлықтарын табыс етті.

Биология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры Курманбаева Меруерт Сакеновнаны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырзаның атынан Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройыл еңбегі мен адал қызметі үшін алғыс хатпен марапатталды. Алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы кәсіби қызметіңізге табыс, отбасылық амандық тілейміз.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz