Дарынды жас шығыстанушы

12 сәуір, 2024

Шығыстану Факультетінің «6В02207» Шығыстану мамандығының Түрксой кафедрасының 3 курс студенті Анер Арлан Асқарұлы қазіргі таңда Түркияда академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Эскишехир қаласында бір семестрлік мерзімде оқып жүр.
ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай Әл-Фараби студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясында Түрксой кафедрасының аға оқытушысы К.Б. Жанатаеваның ғылыми жетекшілігінде «Шығыс елдерінің қоғамы және діні» секциясын бойынша 1-орын, сонымен қатар факультет бойынша 3-орын иеленіп, 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Конференция барысында Арлан «Түркиядағы саяси және әлеуметтік-мәдени өзгерістерге лаицизм идеяларының әсері» атты жұмысын ұсынды. Түркияда Арлан студенттермен және мұғалімдермен әңгімелесуден бастап 200-ден астам адамды қамтитын жан-жақты сауалнамаға дейін бірқатар зерттеулер жүргізді.
Анер Арлан сонымен қатар «Студенттерге арналған бизнес-инкубатор» байқауына да аға оқытушы К.Б. Жанатаеваның жетекшілігімен «UYREN тіл қосымшасында түрік тарихы мен мәдениеті әлеміне интерактивті білім беру курстары мен мәдени саяхаттар» жобасын бизнес идеясын құрастырды. Бұл жоба Қазақстан аумағында түрік тарихын, шығыс дәстүрлерін және түрік тілін үйренуге бағытталған инновациялық білім беру курстары мен мәдени сапарларды құруды көздейді. Нәтижесінде жоба екінші турдан өтіп, ҚазҰУ кітапханасында көрмеге қойылды.