Өзбекстан университеттерімен ынтымақтастық

21 наурыз, 2024

2024 жылдың 18-20 наурыз аралығында Химия және химиялық технология факультетінің Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының меңгерушісі, доцент Аргимбаева А.М. және аға оқытушы Рахымбай Г.С. тұрақты даму мақсаттарының 4-бағыты «Сапалы білім беру» (4.3.4 Университет кешенінен тыс білім беру ақпараттық-түсіндіру жұмыстары) және 17-бағыты «Тұрақты даму мақсаттары үшін серіктестік» (17.2 Тұрақты даму мақсаттарын қолдау бойынша байланыстар) бағдарламасына қол жеткізу шеңберінде Өзбекстан Республикасындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетіне, Навои атындағы мемлекеттік тау-кен-технологиялық университетінің Нөкіс тау-кен институтына барды.

Сапар барысында олар білім беру саласындағы тұрақты даму мақсаттарына бірлесіп қол жеткізу жоспарларын талқылау үшін бірқатар кездесулер өткізді, студенттерге «Аналитикалық химия» және «Электрохимия» пәндері бойынша дәрістер оқыды және оқытушыларға семинар өткізді, онда олар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ғылыми бағыттары және ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы әңгімелесті.

Мұндай өзара сапарлар университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және оқу үдерісін жақсартуға ықпал етеді.