«Тұрақты даму мақсаттары» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық іс-шара
2023 жылдың 21 қарашасында Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының докторанты Маргарита Рябичеваның «Тұрақты даму мақсаттары» тақырыбында ашық ақпараттық-танымдық іс-шарасы өтті. Тәрбиелік іс-шара педагогикалық тәжірибе аясында, ағылшын тілінде өтті. Қатысушылар «Химия» мамандығының 2-курс магистранттары.
Шара барысында қатысушыларға интерактивті викториналық ойын ұсынылды, оның арқасында олар тұрақты даму мақсаттарымен танысып қана қоймай, сұрақтарға жауап беру арқылы өздерінің эрудициясын көрсете алды. Сұрақтардың күрделілігінің айтарлықтай жоғары деңгейіне қарамастан, магистранттар тапсырмаларды сәтті орындады. Ойыннан кейін қатысушыларға іс-шара тақырыбы бойынша танымдық бейнеролик көрсетілді.
Іс-шаралардың бұл түрлері тыңдаушылар үшін оқыту тәжірибесінің бөлігі ретінде міндетті болып табылады және Тұрақты даму мақсаттарының 17-бағытына «Тұрақты даму мақсаттары үшін серіктестік» (17.4.3 Кеңірек қоғамдастықтағы тұрақты даму мақсаттары үшін білім беру) жету үшін жүйелі түрде жүзеге асырылады.