Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (14.01.2021-19.01.2023), Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің төрайымы (14.01.2021-19.01.2023).
1964 жылы 22 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. 1981-1986 жылдар аралығында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқыды және «Философия» мамандығы бойынша оқуын үздік бітірді.
1986-1989 жж. – КСРО ҒА Философия институтында аспирантура (Мәскеу) бөлімін тәмәмдап, философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады.
1996-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Философия және саясаттану институтында 09.00.11 – Әлеуметтік философия мамандығы бойынша докторантурада оқып, докторлық диссертация қорғады.
2004 ж. профессор ғылыми атағы берілді. 2013 ж. ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі болып сайланды.
1989-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Философия және саясаттану институты: 1989 ж. – әлеуметтік философия және этика бөлімінің аға лаборанты және әлеуметтік философия және этика бөлімінің ғылыми қызметкері; 1992 ж. – мәдениет және саясат философиясы бөлімінің ғылыми қызметкері; 1993 ж. – мәдениет және саясат философиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері; 1996 ж. – ғылым және техника философиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері.
2000-2016 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті: 2001-2002 жж. – Философия кафедрасының меңгерушісі; 2003-2004 жж. – оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор; 2004 жылдан 2016 жылдың 24 наурызына дейін – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші проректоры.
2016 жылдың 24 наурызынан бастап – «Нұр Отан» партиясынан VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің Мүшесі.
"AMANAT" партиясы қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Кандидат (04.12.2020)
Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (14.01.2021-19.01.2023)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы
Ғылыми қызығушылықтар аясы: философиялық антропология, әлеуметтік философия, ғылым философиясы және әдіснамасы, қазіргі шетелдік философия, білім философиясы. Жүзден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік еңбектердің авторы. 2006-2009 ж. – «Философия тарихы» және «Әлеуметтік философия» мамандықтары бойынша ғылыми дәреже алу үшін диссертациялық жұмыстарды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары. «Нұр Отан» филиалының төрайымы және «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының Саяси кеңесі бюросының мүшесі.
Кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағымен, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен, «Құрмет» ордені (2008), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен (2014), «10 жыл Астaнa», «Қaзaқстaн Республикaсы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Халық Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» және ТМД ПАА медальдарымен марапатталған.