Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді 1968 жылы 30 маусымда Шымкент (қазіргі Түркістан) облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген.
1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін философия мамандығы бойынша аяқтап, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка елдерін зерттеу институтында және Ёнсе Университетінің (Сеул қаласы, Корея Республикасы) Тіл білімі институтында тағылымдамадан өтті. Ағылшын, корей және жапон тілдерін меңгерген.
Университетті бітіргеннен кейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында қызмет етті.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіндегі дипломатиялық қызметін 1993 жылы атташе қызметімен бастады. Орталық аппаратта Азия елдері департаментінің үшінші хатшысы (1993-1996), Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім меңгерушісі (1999-2000) қызметтерін атқарды.
Шетелде Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінде екінші хатшы (1996-1999) және Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінде кеңесші (2001-2003) қызметтерін орындады.
2000-2001 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік хатшының халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі болып жұмыс істеді, осыдан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне мемлекеттік қызметке қайта оралды. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі болып тағайындалды.
ҚР Президентінің 2004 жылғы 5 тамыздағы № 1416 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2004-2009) болып бекітілді және 2005 жылдан бастап Индонезия Республикасында, Бруней Даруссаламда және Филиппин Республикасында қосымша қызмет жасады.
2009 жылы Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және бір мезгілде Лихтенштейн Князьдігіне, Ватикан Мемлекетіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының БҰҰ Кеңсесі және Женевадағы басқа халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне ауыстырылды. 2015 жылы ол ҚР Егеменді Әскери Ордені Госпитальерлерінің Иерусалим, Родос және Мальтадағы Елшісі болып бір мезгілде аккредиттелді. 2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. 2019 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Қазақстанның Австриядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болды. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2014), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ШЫҰ-ға 10 жыл» (2011), «Қaзaқстaн Конституциясынa 20 жыл», «Қaзaқстaн Республикaсының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қaзaқстaн Республикaсының дипломaтиялық қызметіне 25 жыл», «Астaнa 20 жыл» мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған (2003, 2010).