Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы Пак Нэчхонның «Кореяның дамуы аясында Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас» тақырыбындағы дәрісі

12 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Корея Республикасының бас консулы Пак Нэчхон мырзаның ашық дәрісі өтті.

Шығыстану факультетінде шақырылған профессор Ли Бенг Джо және Абаған А.Б кафедра меңгерушісінің ұйымдастыруымен консулдық сағат аясында бас консул Пак Нэчхон мырзаның Қиыр Шығыс кафедрасының студенттерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында Пак Нэчхон мырза «Кореяның дамуы аясында Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында дәріс оқыды. Кореяның бас консулы студенттерге Кореяның экономикалық даму моделі, студенттерге Қазақстан мен Корея арасындағы халықаралық байланыстар туралы айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Айта кету керек, кездесу Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен өтті.

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Джакубаева Салтанат Төлеуқызы өз ризашылығын білдіріп, университеттің шетелдік университеттермен және ұйымдармен ынтымақтастығы туралы айты. Ол жыл сайын Қиыр Шығыс кафедрасы «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында Кореяның жоғары оқу орындарына бір семестрде 20-дан астам студентті білім алуға жіберетіндігін атап өтті.

Өз кезегінде ҚазҰУ шығыстану факультетінің деканы Наталья Ем алғысын білдіре отырып, ҚазҰУ ректоры атынан Алғыс хат табыс етті.

Сондай-ақ консулдық сағат аясында ҚазҰУ студенттері музыкалық арнайы қойылым дайындап, корей тілінде өлең оқыды. Кездесу соңында Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы корей тағамдарының дәмін тату дегустациясын ұйымдастырды.

Айта кету керек, екі ел арасындағы ғылым мен білім саласындағы стратегиялық серіктестіктің арқасында Корей қоры студенттер мен оқытушыларды стипендиямен қамтамасыз етіп, олардың ғылыми жобаларға қатысуға, магистранттарға тағылымдамадан өтуге және Корея университеттерінде оқытушылардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Қиыр Шығыс кафедрасыынң аға оқытушысы

Сермухаметова Багжан Бейбитовна