Жоғары сынып оқушыларының Қиыр Шығыс кафедрасымен танысуы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде 2024 жылдың 11 сәуір айында өткен «Ашық есік күніне» келген мектеп және гиназия жоғары сынып оқушылары Қиыр Шығыс кафедрасындағы корейтану және жапонтану бөлімінің де тыныс-тіршілігіменжақын таныс болды.
Осы іс-шарада ұйымтастырылған «Шығыс мәдениеті фестивалі» аясында жапонтану бөлімінің 3 курс студенттері жапон тілінде Абай атамыздың өлеңі «Көзімнің қарасын» айтып, оқушылардың ерекше ықыласына ие болды. Корей бөлімінің 3-курс студенттері корей телехикаясының дубляжын жасап, көпшілікті таңғалдырды.
Іс-шараның соңында оқушылар шығыс халықтарының ұлттық тағамдары мен тәттілерімен танысты. Мектеп оқушылары жапон бөлімінің студенттері әзірлеген жапон ұлттық тағамы «онигири» ден дәм татты. Ал корей бөлімі Қазақстандағы корей тағам өнімдерінің дистрибьютор «VCA(ВиСиЭй)»https://www.vca.kz/ компаниясының демеушілігімен оқытушылар арасында корей ұлттық тағамдары мен сусындарын үлестіріп, корей мәдениетімен таныстырды.