Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде III Халықаралық Фараби форумы аяқталды.

11 сәуір, 2024

Іс – шараға Ұлттық Инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов, басқарма төрағасы - ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласы креативті индустрия басқармасының басшысы Қайсар Сарыбаев, отандық және шетелдік ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы және білім алып жатқан жастар қатысты.

"Биыл форум аясында 4 халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді, оның ішінде "Фараби әлемі".

Салтанатты шарада "Фараби әлемі" жеңімпаздары марапатталды. Заң факультетінің, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының 1 курс студенті Байдулина Аяна Серікқызы ғылыми мақаласы және әкімшілік құқық және парасаттылық мектебі секцияларына қатысқаны үшін 3-ші орынды иеленді. Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.