Шығыстану факультеті де ҚазҰУ-ға гуманитарлық көмек көрсетуге үлес қосты
Қазіргі таңда еліміздің бірқатар аумақтарын су басқан жағдай бәрімізді алаңдатып отыр. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультетінің оқытушылары мен студенттерін де су тасқынынан зардап шеккен жерлестерінің жағдайы бей-жай қалдырмады. Шығыстану факультетінің оқытушылары мен студенттері табиғи апат салдарынан қалыпты тұрмысы бұзылған отбасыларға көмек қолын созып, жәрдемдесуді ұйғарды. Факультет аясында ақылдасып, отандастарымызға жылу жинап, матрас, көрпе, жастық және сүлгі түріндегі көмекті жинау туралы шешім қабылданды. Бүгін осы көмегін Шығыстану факультеті ҚазҰУ-дағы қабылдау бөліміне жеткізді. Бұл күндері миллиондаған жерлестеріміз сияқты Шығыстану факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы да су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына жанашырлық танытуда. Көп ұзамай су тасқынының зардаптары жойылып, адамдар өз үйлеріне оралады деп үміттенеміз.