«Жылы жүрек-жомарт қол» қайырымдылық іс- шара

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Жылағанды жұбатып, сүрінгенге сүйеу болу қанымызда бар асыл қасиет. Әсіресе, өскелең ұрпақтың бойында осындай адамгершілік қасиеттің толассыз болуы жаныңды жадыратып, көзіңді қуантады.
09.04.2024 жылы ИСК- 111 тобының білім алушыларының ұсынысымен, ата-аналардың қолдауымен, топ кураторы Д.Ерғалидың жетекшілігімен топ оқушылары жаны жабырқау, жақсылыққа мұқтаж жанның үйіне барып, айт мерекесі қарсаңында материалдық көмек көрсетіп, аз да болса азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көңілдерін аулап қайтты.
Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?! Міне, осындай қызу пікір-таласпен, тағдырдың тәлкегіне түскен отбасыға аз да болса қуаныш сыйлай алғандарына көңілдері толған білім алушылар тағы да жақсылық жасағылары келетінін жарыса жеткізді. Өткізілген іс шараның басты мақсаты да осы еді.
Басқа жаңалықтар

