Ерлан Тынымбайұлы Қарин – саясаттану ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасының аспирантура түлегі. 1999 жылы «Қазақстанның саяси қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.
Ерлан Тынымбайұлы 1976 жылы 26 мамырда қазіргі Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих факультетінде «тарих және география» мамандығы бойынша білім алған. Университет қабырғасында оқытушы болып жұмыс істеді. Оқу кезінде баспасөзбен белсенді жұмыс істеді, «Ақтөбе университеті» газетінің бас редакторы, «Диапазон» газеттерінің саяси шолушысы болды.
1996 жылдан бастап – Ақтөбе қаласының №33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі болды. 1998 жылдан бастап – Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары, 2000 жылдан бастап – Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры, 2002 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі, 2003 жылдан бастап – Республикалық «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Заманауи саясат халықаралық институтының бас директоры, 2004 жыл маусымнан бастап – Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы, 2006 жыл мамырдан бастап – Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі, 2008 жыл ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 2008 жыл қарашадан бастап – «Нұр Отан» ХДП-ның стратегиялық даму бойынша хатшысы, 2013 жыл желтоқсаннан бастап – Вашингтондағы (АҚШ) Америка университетінің арнайы шақырылған профессоры, 2014 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, 2017 жыл ақпаннан бастап – «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, 2019 жыл сәуірден – 2020 жыл шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, 2020 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, 2022 жыл 5 қаңтарда Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы болып тағайындалды, 2022 жылғы 14 маусымдағы Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен (2010 жылы), ІІ дәрежелі «Достық» орденімен (2019 жылы), «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» (2012 жылы), «Қазақстан Республикасының Прокуратурасына 25 жыл» (2016 жылы), мерейтолық медалдарымен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» (2019 жылы) медалымен марапатталған.
«Балбалтас. Орхоннан Каспийге дейін» (2013 жылы), «Солдаты Халифата: мифы и реальность» (2014 жылы), Джейкоб Зеннмен бірге жазған «Между ИГИЛ и Аль-Каидой: Центральноазиатские боевики в сирийской войне» (2017 жылы), Галина Ксенжикпен бірге жазған «Сводный каталог картографических материалов по истории Казахстана XVII - начало XX вв.» (2023 жылы) кітаптарының авторы.