- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Кейінгі Қайта Өрлеу дәуіріндегі ағылшындық философиялық-этикалық толғаныстар аясындағы Бернард де Мандевилдің этикалық көзқарастарының қалыптасуының алғышарттары» атты тақырыпта дәрістер курсы
«Кейінгі Қайта Өрлеу дәуіріндегі ағылшындық философиялық-этикалық толғаныстар аясындағы Бернард де Мандевилдің этикалық көзқарастарының қалыптасуының алғышарттары» атты тақырыпта дәрістер курсы
2024 жылдың 10 сәуірінде Халықаралық Фараби Форумы аясында Философия және саясаттану факультеті, Философия кафедрасының арнайы шақыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Махатма Ганди атындағы аудиторияда (№503) философия ғылымының докторы, профессор, Ибн Сина атындағы Бұхара медицина университетінің кафедра меңгерушісі Шодмонов Құрбан Бадритдинұлы «Кейінгі Қайта Өрлеу дәуіріндегі ағылшындық философиялық-этикалық толғаныстар аясындағы Бернард де Мандевилдің этикалық көзқарастарының қалыптасуының алғышарттары» атты тақырыпта дәрістер курсын оқыды. Мандевилдің «Аралар туралы аңыз» да аса үлкен қызығушылық тудырып, ғылыми дискуссия орын алды. Бұл шараға Еуразия ұлттық университетінің магистранттары ғылыми тағылымдама аясында қатысып, өздерінің тақырыпқа сай ойларымен бөлісті. Кездесу соңында философия кафедрасы меңгерушісі Құранбек Әсет Абайұлы арнайы алығыс хат табысталып, естелік сурет жасалды.