«Modern Trends in Sustainable Development of Biological Sciences» атты конференция

29 наурыз, 2024

Қазақстанда алғаш рет Биология және биотехнология факультетінде «Modern Trends in Sustainable Development of Biological Sciences» атты конференция ұйымдастырылды, оның материалдары Scopus халықаралық деректер базасына енеді.

Ұйымдастыру комитетінің редакциясына барлығы 140-тан астам тезис келіп түсті және жариялау үшін тек 100-і таңдалды. Fundamental and Applied Research in Genetics and Molecular Biology секциясының құрметті қонақтары: Жапония Ұлттық генетика институтының профессоры Сайту Наруя, Назарбаев университетінің профессоры Дос Сарбасов болды, ол сигнал беру жүйесінің mTOR рөлін сипаттады, ҚР ҰҒА академигі Рахметқажи Берсімбаев, Ұлттық биотехнология орталығының директоры Айша Искакова, Физиология және генетика институтының директоры Гүлнұр Жүнісова.

Барлығы 13, оның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Лотарингия университетінің магистранттары мен докторанттары баяндама жасады