«Отбасы» құндылығы

15 сәуір, 2024

08.04.2024 ж. 14.00 де  Экономика және бизнес жоғары мектебі, 233 мәжіліс залында Экономика кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к. проф.м.а. Даулиева Ғ.Р.,  аға оқытушылары Д.Р.Тұраров, Г.К. Андабаева,  Иляшова Г.К., топ эдвайзері Кулиев І.О. және Э22К1 студенттерінің  ұйымдастыруымен ТДМ әлеуметтік компонентіне сай келетін «Отбасы» құндылығы тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өтті. Іс шараның мақсаты – «Отбасы» құндылығы  бір- бірімен біте қайнасқан «Отбасы берекесі», «Ұрпақ» жүйе құраушыларынан тұратынын түсіндіру. Сонымен қатар Отбасы-адамзаттың тірегі, мемлекеттің ірге тасы, ұлағатты ұл, инабатты қыз тәрбиелеудің ұясы. Бесіктен басталатын тәрбиенің қайнар көзі. Елімізде отбасы құндылығының құлдырауға ұшырағанын отбасылардың ажырасуы көрсеткіші бойынша Қазақстанның 114 елдің ішінде 16 орында тұрғаны  көрсетеді. Бұл қазақ халқы мәдениетіне жат құбылыс.Отбасындағы берекесіздік, әсіресе балалардың психологиясына, әлеуметтік хал –ахуалына орасан залалын тигізеді. «Ұрпақ» құндылығының мәні-баршамыздың ұрпаққа қамқорлық пен жауапкершілігімізді білдіреді.