Өнер әлемі – бұл біздің әлеміміздегі ең құнды дүние. Рухани кемелдік пен мәдени өсуге ықпал ететін бірден-бір орын – театр. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.
10.04.2024 жылы ИСК- 112 тобының білім алушыларының ұсынысымен, топ кураторы Cагидолда А.Е. жетекшілігімен Ғабит Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында “Құлагер” қойылымын тамашалап қайтты. Режиссер қойылымда қазақ халқының болмысын, салты мен санасын, дәстүрін Ілияс Жансүгіров ақын жазған поэмадан алшақтатпай сахна тілімен сомдауға тырысқанын байқауға болады. Аттың рөлін ойнаған актер образға соншалықты кіріп ойнағаны денемізді тітіркентті. Бұл қойылымның мақсаты - ақынға деген халықтың көзқарасы, қатал заманда шеккен қасіреті мен қорлығын жеткізу. Балалар қойылымнан жақсы әсер алып, бір-бірімен пікір алмасты.
Осындай көркем әдебиеттен алынған көріністер көбейе берсін! Театр ұлттың ұйытқысы және қоғамда алатын орны ерекше. Театрға не үшін баруға болады деген сұраққа жауап қарапайым: адамдық түйсікті көтереді, адамдарды біріктіреді, білім мен әдеби көкжиекті кеңейтеді, өз өміріміз жайында ойланып, сезінуге әсер етеді. Міне, театрға баруымыздың да басты мақсаты осы.