ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҮШІН ЖАҺАНДЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ

12 сәуір, 2024

Аталған іс-шара "Ресей империясының күйреуі және Қазақ мемлекеттілігінің жандануы: тарихи-құқықтық талдау" ЖРН AP19678348 жобасы шеңберінде өткізіледі.

 

2024 жылғы 12 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заң факультетінде 309 аудиторияда Ұлттық заң академиясының академигі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрпеисов Еркеш Қалиевичтын  "Тәуелсіздікке апарар қиын жол: тарих, фактілер, жаңа деректер"тақырыбында көшбасшылық дәрісі өтті.  Тәуелсіздік жолында Қазақстанның дамуын жаңа кезеңдеу ұсынылды. Сондай-ақ, қазіргі кезеңде еліміздің дамуы туралы жаңа ғылыми гипотеза ұсынылды.  

Талқылауға жетекші ғалымдар, жоғары оқу орындарының өкілдері, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. 

Модератор - заң ғылымдарының докторы, профессор Ибраева А. С. 

Ұйымдастырушы-мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы!!