"Оптимистік трагедия" көрерменді бей-жай қалдырмады

15 сәуір, 2024

2024 жыл сәуір айының  14-і күні, “Менеджмент” кафедрасы “Мемлекеттік және жергілікті басқару” ОБ-ның 1 курс қазақ тобы студенттері эдвайзері КусмолдаеваЖазира Нұрасыловнамен Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған театрға барды. Қойылым атауы: “Оптимистік трагедия”.  Бұл спектакль — соғыстың адам өмірінің құндылықтарын жойып жіберетін жойқын және мағынасыз элементтер туралы. Бұл - адамгершілік пен адами қасиеттердің өзегі бұзылған кезде кезігетін барлық жамандық атаулыға жол берушілік туралы. Қойылым — зорлық-зомбылыққа баратындар мен ондай арсыздықты ақтап алатындарға, оны насихаттаушылар мен озбырларға қарсы көркем наразылықтың белгісі. «Оптимистік трагедия» — көрерменді бей-жай қалдырмайтын, тақырыптары жарқын да батыл формалар арқылы өрбіп, заманауи театр тілімен жеткізілетін көркем қойылым.