Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде табысты оқу семинары өткізілді. Тақырыбы «Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлау: магистрлік диссертация дайындау».

8 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қабырғасында 2024 жылғы 8 сәуірде БҰҰ-ның «Сапалы білім беру» тұрақты дамуының 4-ші мақсаты шеңберінде ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен жоспарлауға арналған оқу семинары өткізілді. Семинар «Лингвистика», «Шет тіл: екі шет тілі», «Түркология» мамандықтарының бірінші және екінші курс магистранттарына ғылыми зерттеулерді табысты жүргізу және білім берудің тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін қажетті білім, білік және дағдыларды игеру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинарды филология ғылымдарының докторы, доцент Ж.К. Ибраева, аға оқытушы Г. С. Набиева және К. Жақсылыққызы ұйымдастырды.
Семинардың маңызды аспектісі магистранттарға ғылыми зерттеу кезеңдерін ойдағыдай жүзеге асыруға, ғылыми жобаларды жазу бойынша егжей-тегжейлі кеңестер мен ұсыныстар беруге көмектесетін жұмыс жоспары болды.
Бұл іс-шара қатысушыларға зерттеулерін сәтті аяқтауға және алға қойған мақсаттарына жетуге көмектесетін ғылыми жобаларды дайындау және қорғау процесі туралы құнды ақпарат берді.

"Лингвистика" мамандығының 1 курс магистранты Н.Кананова

Ғылыми жетекшісі ф.ғ. д., доцент Ибраева Ж. К.